jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Назым Қызайбай жаңа салмақта ел чемпионатының финалына шықты

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: olympic.kz

    2024 жылғы жазғы Париж Олимпиадасында қола жүлде жеңген Назым Қызайбай Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатында 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр. Ол жартылай финалдық кездесуде Жетісу облысының боксшысы Әнел Құдайбергеннен басым түсті. Енді еліміздің танымал бокшысы финалда қызылордалық Ақбота Болатпен өзара мықтыны анықтайды.

    Айта кетейік, Назым Қызайбай Франция астанасында ойындардан кейін арада 4 ай уақыт өткенде алғаш рет жарысқа қатысып отыр. Спортшы бұған дейін 50 келіде бақ сынаған болатын. Ол ұзақ жылдардан кейін 48 келіге төмен түсіп отыр. Спортшы бұл салмақта әлем біріншілігінде екі мәрте топ жарып, 2014-2016 жылдары алтыннан алқа тағынған болатын.

    Сондай-ақ ел чемпионатында 48 келіде әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов те финалға шықты. Ақмола облысының боксшысы Жамбыл облысының боксшысы Нұрзат Оңғаровпен Қазақстан чемпионы атануға үшін айқасады.

    Назым Қызайбай жаңа салмақта ел чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.