Спорт

Зектілері

Азия чемпионатындағы төрешілікке қатысты дау-дамайлардан кейін ІВА тергеу жұмыстарын бастады

Жарияланған күні:

Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңда
Абылайхан Жүсіпов. Фото: kfb.kz

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатындағы төрешілікке қатысты дауларға байланысты тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IBA-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен жарыста бірнеше төрелік шешімге қатысты шағымдар келіп түскен. Inside the Games басылымының мәліметінше, шағымдардың негізгі бөлігі өзбек боксшыларының жекпе-жектеріне қатысты болған.

71 кг дейінгі салмақтағы финалда қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Хавасбек Асадуллаев кездесті. Жекпе-жектен кейін Хавасбек Асадуллаевтың Абылайхан Жүсіповті тістеп алғаны туралы шағым жасалды. Қазақстан бокс федерациясының шағымынан кейін техникалық делегат Сейди Даффи өзбек боксшысы Хавасбек Асадуллаевты жарыстан шеттетіп, алтын медальді Абылайхан Жүсіповке табыстады.

63,5 кг дейінгі салмақтағы финалда таиландтық Сомчай Вонгсуван мен өзбекстандық Адха Мухиддинов кездесу өткізді. Сомчай Вонгсуван екі раунд бойы басымдық танытқанымен, соңғы 15 секунд қалғанда рефери Сара Бухлел кездесуді тоқтатып, жеңісті Адха Мухиддиновке берді. Тайланд делегациясы бұл шешімге қарсы шағым түсірді, әсіресе олар жапониялық дәрігер Кеничи Сузукидің әрекетіне байланысты күмән келтірді.

48 кг салмақтағы финалдық бәсекеде қазақстандық Санжар Тәшкенбай мен өзбекстандық Шодияр Маликузиев кездесті. Аталмыш жекпе-жекте төрешілер Санжар Тәшкенбайдың ұпайлары негізсіз алынып тасталды деп шағым түсті. Жекпе-жектің нәтижесінже жеңіс Шодияр Маликузиевке берілді.

Айта кетейік, Өзбекстан бұл чемпионатта 25 алтын медальдің 10-ын жеңіп алып, жалпы 19 медаль еншіледі.

Қазақстандық боксшылар бұл чемпионатта 10 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2204022-aziia-chempionatyndagy-toreshilikke-qatysty-dau-damailardan-keiin-iva-tergeu-zhumystaryn-bastady/