Спорт

Зектілері

"Курьер болып жұмыс істедім": ел чемпионы атанған боксшы ұлттық құрамадан шығып қалған сәтін еске алды

Жарияланған күні:

Ертуған Зейнуллин
Ертуған Зейнуллин. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Ертуған Зейнуллин финалдағы жеңісінен кейін сұқбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan арнасының YouTube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Осы жеңіс үшін қаншама тер төктік. Аллаға шүкір, жемісін жедік. Қазақстан чемпионы әділ өтті, барлық жекпе-жегім таза болды.

Бір кездері кешке дейін жұмыс істеп, кешке жаттығу жасадым. Бір жыл бойы ұлттық құрамадан шығып қалдым. Айлық жоқ. Барлық жерден айлықты алып тастады. Амалсыздан курьер болып жұмыс істедім. Жаттығуымды қойып кетпес үшін маған осындай жұмыс ыңғайлы болды. Өзім қашан шығамын, қашан істеймін, өз еркімде болды. Осындай жағдайлардан кейін ұлттық құрамаға қайта оралып, Азия ойындарына бардым. Ол жақта моңғол спортшысы допингпен ұсталып, қола жүлде бұйырды", - деді Ертуған Зейнуллин.

Естеріңізге сала кетейік, 63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Ертуған Зейнуллин (Алматы облысы) мен Жандос Қыдыралиев (Алматы) кездесу өткізді. Нәтижесінде Ертуған Зейнуллин төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2204247-kurer-bolyp-zhumys-istedim-el-chempiony-atangan-boksshy-ulttyq-quramadan-shygyp-qalgan-satin-eske-aldy/