jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Иван Дычконың ресейлік боксшыға қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды

    Иван Дычко
    Иван Дычко. Фото: olympic.kz

    All Stars Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық Иван Дычко мен ресейлік Виталий Кудухов арасындағы жекпе-жектің кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ промоутерлік компанияның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ертең, 27 желтоқсанда Алматыда өтетін All Stars Boxing кешінде қазақстандық Иван Дычко мен Виталий Кудухов кездесуі керек болған. Бірақ Иван Дычконың жарақат алып қалуына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.

    "Иван Дычко мен Виталий Кудухов арасындағы жекпе-жек кейінге шегеріледі.

    Өкінішке қарай, спарринг барысында Иван Дычко иығынан жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін кәсіби бокс комиссиясы спортшыны алдағы жекпе-жекке қатыстырмау туралы шешім қабылдады.

    Біз Иванға тезірек сауығып кетуін тілейміз және барлық жанкүйерге түсіністік танытқаны үшін алғыс айтамыз", - делінген All Stars Boxing-тің мәлімдемесінде.

    Айта кетейік, жекпе-жектің жаңа күні әлі белгіленбеді. Иван Дычко соңғы рет кәсіпқой рингке 21 тамызда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында шыққан болатын. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық Крейг Льюисті екінші раундта нокаутпен жеңді.

    Иван Дычконың ресейлік боксшыға қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.