jitsu gif
Спорт

    Бүгін танымал ММА спортшылары Алматыдағы үлкен бокс кешінде жұдырықтасады

    Мұратбек Қасымбай мен Мохаммед Хейбати
    Мұратбек Қасымбай мен Мохаммед Хейбати. Скриншот: instagram.com/all.stars.boxing.kz

    Бүгін, 27 желтоқсанда Алматыда ММА спортшылары – қазақстандық Мұратбек Қасымбай мен ирандық Мохаммед Хейбати бокс ережесі бойынша кездесу өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде үлкен бокс кеші өтеді. Аталмыш бокс кешін 19:00-ден бастап Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

    Кештің басты жекпе-жегінде "Қазақ терминаторы" лақапатымен танымал Мұратбек Қасымбай (13-4) мен көпшілік қауым "Перс" деп танитын Мохаммед Хейбати (5-5) бокс ережесі бойынша кездесу өткізеді. Екі спортшы алғаш рет 2020 жылы кездескен еді. Ол кезде жекпе-жек ММА ережелері бойынша өтіп, Мохаммед Хейбати төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.

    Айта кетейік, осыған дейін 27 желтоқсанға Алматыда тағы екі үлкен жекпе-жек жоспарланған еді, бірақ олар өтпейтін болды. Куат Хамитов (26-8-2) жарақатына байланысты ресейлік Мариф Пираевпен (34-5-1) кездесуден бас тартты. Ал қазақстандық боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) спарринг кезінде жарақат алып, ресейлік Виталий Кудуховпен (7-2, 3 КО) жекпе-жегін кейінге шегеруге мәжбүр болды.

    Бүгін танымал ММА спортшылары Алматыдағы үлкен бокс кешінде жұдырықтасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.