jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Мұратбек Қасымбай танымал ММА спортшысына қарсы екінші кездесуінде тең түсті

    Мұратбек Қасымбай
    Мұратбек Қасымбай. Фото: instagram.com/muratbek_kassymbay

    Танымал ММА спортшылары – қазақстандық Мұратбек Қасымбай мен ирандық Мохаммед Хейбати бокс ережесі бойынша кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 27 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде All Stars Boxing промоутерлік компаниясының бокс кеші өтті.

    Кештің басты жекпе-жегінде "Қазақ терминаторы" лақапатымен танымал Мұратбек Қасымбай (13-4) мен көпшілік қауым "Перс" деп танитын Мохаммед Хейбати (5-5) бокс ережесі бойынша кездесу өткізді. Нәтижесінде Мұратбек Қасымбай қарсыласымен тең түсті.

    Айта кетейік, қос спортшы алғаш рет 2020 жылы кездескен еді. Ол кезде жекпе-жек ММА ережелері бойынша өтіп, Мохаммед Хейбати төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.

    30 қарашада қазақстандық спортшы Мұратбек Қасымбай мен ресейлік Иса Исаев Nomad Fighting турнирі аясында кездесу өткізді. Нәтижесінде бес раундқа созылған жекпе-жекте Иса Исаев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Мұратбек Қасымбай танымал ММА спортшысына қарсы екінші кездесуінде тең түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.