jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

    Боксшы Данияр Елеусінов
    Боксшы Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

    Жартылай орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) қашан шаршы алаңға оралатынын белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ All Stars Boxing промоутерлік компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    All Stars Boxing промоутерлік компаниясы Данияр Елеусіновтің шаршы алаңға қашан оралатыны туралы ресми мәлімдеме жасады.

    Промоутерлік компанияның мәліметінше, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 28 ақпанда Астанада жекпе-жек өткізеді.

    Айта кетейік, Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанған.

    Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында Алматыда өткізген болатын. Сол кеште ол филиппиндік былғары қолғап шебері Джо Нойнаймен (23-4-2, 11 КО) кездесіп, қарсыласы бесінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан еді.

    Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.