jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Келесі жылы екі әлем чемпионатына қатысамыз": ұлттық құраманың бас бапкері маңызды мәлімдеме жасады

    Cанжар Тәшкенбай мен Қайрат Сәтжанов
    Cанжар Тәшкенбай мен Қайрат Сәтжанов. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы екі әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов "Спорт Министрі" YouTube арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов 2025 жылға арналған жоспарларын айтты."

    "Келесі жылы біз екі әлем чемпионатына қатысамыз: біреуі IBA ұйымы ұйымдастыратын әлем чемпионаты болса, екіншісі World Boxing ұйымының әлем чемпионаты. Оған дейін қаңтар айында Испанияда бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, сол жерде халықаралық турнирге қатысамыз. Ақпанда Болгарияда өтетін "Странджа кубогы" бар. Ал наурызда Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжан құрамаларымен бірге Кисловодскте (Ресей) жаттығу өткізіп, осы командалардың бірінші және екінші нөмірлері қатысатын турнир ұйымдастырылады", - деді бас бапкер.

    Сондай-ақ Қайрат Сәтжанов келесі жылы өтетін екі әлем чемпионатының мерзімі өзгертілгенін хабарлады.

    "World Boxing ұйымының әлем чемпионаты бастапқыда мамыр айында өтуі тиіс еді, бірақ қыркүйекке ауыстырылды. Ал мамырда IBA чемпионаты өтеді, оны Астанада өткізу жоспарланған болатын, бірақ Түркияда өтеді дегендей тағы да әңгімелер бар. IBA-да 13 салмақ дәрежесі қалады, ал World Boxing-те 10 салмақ дәрежесі бойынша боксшылар сынға түседі, - деді ол.

    Естеріңізге сала кетейік, World Boxing халықаралық федерациясы 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы ресми түрде жариялаған болатын. Қазақстан тарихта екінші рет бокстан әлем чемпионатын қабылдайды. Бұған дейін 2013 жылы Алматыда ерлер арасында әлем чемпионаты өткен болатын.

    "Келесі жылы екі әлем чемпионатына қатысамыз": ұлттық құраманың бас бапкері маңызды мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.