jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрбек Оралбай жаттығуға қашан кіріседі: ұлттық құраманың бас бапкері жауап берді

    Нұрбек Оралбай
    Нұрбек Оралбай. Фото: olympic.kz

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов боксшы Нұрбек Оралбайдың қашан жаттығуға оралатыны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт Министрі" YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нұрбек Оралбай қаңтардан бастап ұлттық құрама сапында жаттығуға қайта оралады. Сондай-ақ бас бапкер Қайрат Сәтжанов 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қазіргі таңда Нұрбекке тең келер боксшының жоқ екенін де айтып өтті.

    "80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбектің тәжірибесі мол. Айбек құраманың капитаны болса, Нұрбек жауынгер жігіт. Командаға осындай мінезді жігіттер керек. Нұрбек Оралбайдан бөлек оның салмағында бірнеше мықты боксшылар бар. Бірақ Нұрбекті 80 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі ең мықты боксшы деп айтуымызға болады", - деді Қайрат Сәтжанов.

    Еске салайық, Нұрбек Оралбай биыл жазда өткен Париж Олимпиадасында күміс медальді қанжығасына байлаған болатын. Ол ақтық сында украиналық Александр Хижнякқа есе жіберіп қойған еді.

    Таиландта өткен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы 5 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлде еншілеген болатын. Бұл жарыста 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Жақпеков қола медаль еншіледі.

    Нұрбек Оралбай жаттығуға қашан кіріседі: ұлттық құраманың бас бапкері жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.