jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық файтер ақпанның соңында Fight Nights Global турнирінің бокс кешінде сынға түсетінін мәлімдеді

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: Instagram/zhumagulov_zhalgas

    Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 27 ақпанда Fight Nights Global турнирі аясында өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спортшының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Дайындықты бастадық. 27 ақпанда Павлодарда өтетін Fight Nights Global турниріндегі бокс кешінде өнер көрсетемін. Ал мамыр айының соңында OKTAGON-ның чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекке шығамын. Сондықтан бар күшімізді саламыз, мақсатымыз айқын, мотивация бар", - деді Жалғас Жұмағұлов.

    Айта кетейік, желтоқсан айында Астанада өткен бокс кешінде Жалғас Жұмағұлов Нидерланды елінің өкілі Раванд Оубаға (1-0) қарсы тартысты жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу төрт раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Жалғас Жұмағұлов жеңіске жеткен еді.

    Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global лигасының бұрынғы чемпионы болып саналады. Ол 2018-2019 жылдары бұл лиганың жеңіл салмақтағы белбеуін иеленген.

    Сонымен қатар, қазақстандық спортшы UFC-де 7 жекпе-жек өткізген. Оның бесеуінде төрешілердің шешімімен жеңілген, екеуінде қарсыластарынан басым түскен.

    Ал 9 қарашада Жалғас Жұмағұлов еуропалық OKTAGON промоушенінде өнер көрсетіп, дивизионының үшінші нөмірі Аарон Эбиді (16-10-1) айқын басымдықпен жеңген еді.

    Қазақстандық файтер ақпанның соңында Fight Nights Global турнирінің бокс кешінде сынға түсетінін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.