Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Қатесін түсінді": Абылайхан Жүсіпов өзін тістеп алған өзбек боксшысына қалай жауап бергенін айтты

Жарияланған күні:

Абылайхан Жүсіпов
Абылайхан Жүсіпов. Фото: olympic.kz

Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының финалында өзін тістеп алған өзбек спортшысы Хавасбек Асадуллаевқа жекпе-жектен соң қалай жауап бергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Спорт министрі" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүсіпов пен Асадуллаев арасындағы жекпе-жекте төрешілер жеңісті өзбек боксшына берген еді. Бірақ бұл кездесуде Хавасбек Асадуллаев Абылайхан Жүсіповті тістеп алғаны белгілі болды. Осыдан соң IBA және ASBC ұйымдары финалдық кездесуді қайта қарап, Абылайхан Жүсіповті Азия чемпионы деп таныды, ал өзбек боксшысы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетілді.

"Жекпе-жектен кейін марапаттау рәсімі болатын кезде өзбек боксшысы маған жүгіріп келіп, қол алыспақшы болды. Мен қолымды берген жоқпын. Оған "Бауырым, сенікі дұрыс емес. Сен рингте өзіңді еркек сияқты ұстаған жоқсың. Тістеп алғаның не?" деп мойнымды көрсеттім. Ол басын салбыратып кетіп қалды да марапаттау рәсімі біткенше маған жақындаған жоқ. Өзінің қатесін түсінді. Мен қол алыспай оған қате әрекет жасағанын түсіндірдім деп ойлаймын", - деді Абылайхан Жүсіпов.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов 2017 жылы Азия чемпионатында күміс жұлде еншілеген. Сондай-ақ ол әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021). 2020-2023 жылдар аралығында Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокста бақ сынап, 4 жекпе-жегінде де жеңіске жеткен еді. Ол 2024 жылы әуесқой боксқа қайта оралып, ұлттық құрама қатарына қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2208597-qatesin-tusindi-abylaihan-zhusipov-ozin-tistep-algan-ozbek-boksshysyna-ne-degenin-aitty/