Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Жас Головкин" атанған қазақстандық боксшы рингке қашан оралатыны анықталды

Жарияланған күні:

Қазақстандық боксшы Виктор Теміров
Қазақстандық боксшы Виктор Теміров. Фото: Виктор Теміров командасының баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы Виктор Теміров келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BoxRec порталына сілтеме жасап хабарлайды.

BoxRec мәліметінше, Виктор Теміровтің келесі жекпе-жегі 29 наурызда Фленсбургте (Германия) өтеді деп жоспарланған. Боксшының қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Теміров өткен жылы қарашада Бад-Херсфельдте (Германия) өткен кәсіпқой бокс кешінде никарагуалық Робин Самораны жеңіп, WBF Еуропа чемпиондық белбеуінің бірінші орта салмақтағы титулын иеленген еді.

Виктор кәсіпқой рингте алты рет жеңіске жетіп, төртеуін нокаутпен аяқтаған. Боксшының "Қасапшы" деген лақап аты бар, бірақ неміс жанкүйерлері оны жеңіс жолын Германияда бастаған Геннадий Головкиннің жас кезіне ұқсатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2209044-zhas-golovkin-atangan-qazaqstandyq-boksshy-ringke-qashan-oralatyny-anyqtaldy/