jitsu gif
Спорт

    Әлімханұлы Дэвид Бенавидесті жекпе-жекке шақырды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Yong Teck Lim/Getty Images

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) америкалық Дэвид Бенавидеспен (30-0, 24 КО) жұдырықтасуға ниет білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

    "Егер Бенавидез менімен жекпе-жекке шығуға келісетін болса, менің әрқашан дайын екенімді бәріңіз білесіздер! Бұл керемет жекпе-жек болады! Ол мықты боксшы, рингте екі үздік боксшы кездессе, жанкүйерлер де қуанады! Бокс бұл бизнес емес, бокс бұл спорт!", — деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

    Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы. Дэвид Бенавидес жартылай ауыр салмақта өнер көрсетеді. Ол кубалық боксшы Дэвид Моррелді (11-1, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, өзінің "уақытша" әлем чемпионы белбеуін сәтті қорғап қалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.