jitsu gif
Спорт

    Бокстан Сербияда өтетін әйелдер арасындағы әлем біріншілігі: чемпиондар мен жүлдегерлер қанша сыйақы алады

    Бокс қолғабы
    Бокс қолғабы. Көрнекі фото: pexels.com

    Сербияның Ниш қаласында өтетін бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттіктің жазуынша, халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылғы 9-16 наурыз аралығында Ниш қаласында өтетін әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының ақшалай жүлдесін жариялаған.

    Бұл додада әлем чемпионы атанған боксшы 100 мың АҚШ долларына ие болады. Ал күміс жүлдегер атанған боксшылар 50 мың, қола медальға қол жеткізген боксшыларға 25 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.

    Сондай-ақ биылдан бастап бокстан әлем чемпионаты тарихында алғаш рет ширек финалға өткен барлық спортшы қаржылай марапатқа ие болады. Оларға 10 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылып отыр.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемдік додаға Қазақстан атынан кім қатысатынын хабарлаған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.