jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ХОК боксты 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы ұсыныс жасады

    бокс қолғабы
    Бокс қолғабы. Көрнекі фото: pexels.com

    Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті боксты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

    ҰОК-тың мәліметінше, ақтық шешім осы аптада Грекияның Коста-Наварино қаласында өтетін ХОК-нің 144-сессиясында қабылданады.

    Бастапқыда, 2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген еді. Бұған Халықаралық бокс қауымдастығындағы (IBA) мәселелер себеп болған.

    2023 жылдың маусымында ХОК IBA-ны ресми түрде мойындаудан бас тартты, бұл жағдай 2028 жылғы Олимпиададағы бокс жарыстарының болашағына әсер етті.

    Париж Олимпиадасында бокс жарыстары ХОК-нің арнайы жұмыс тобының басқаруымен өтті. Бұл шешім спортшыларға турнирге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

    ХОК бұған дейін бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуы үшін жаңа халықаралық федерация құру қажеттігін мәлімдеген болатын. 2025 жылдың ақпанында ХОК-нің атқарушы комитеті World Boxing ұйымын уақытша мойындады. Қазіргі таңда бұл ұйым 84 ұлттық федерацияны біріктіреді.

    Атқарушы комитеттің боксты Лос-Анджелестегі Олимпиада бағдарламасына енгізу туралы ұсынысы бұл спорт түрінің олимпиадалық қозғалыстағы маңыздылығын растайды.

    ХОК боксты 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы ұсыныс жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.