jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Үш алтын": қазақстандық боксшылар Әлем кубогынан алты медаль иеленді

    Нұрсұлтан Алтынбек
    Нұрсұлтан Алтынбек. Фото: sports.kz

    Қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясында өткен бокстан әлем кубогында чемпион атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

    Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан алты медаль алды: үш алтын және үш қола. Ерлер арасында 51 келілік Нұрсұлтан Алтынбек пен Дәулет Төлемісов (85 кг), ал әйелдер арасында Жазира Орақбаева (51 кг) алтын алды. Қола медальді Диас Молжігітітов (80 кг) және Даниял Сапарбай алды (90+ кг), ал әйелдер арасында Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) алды.

    Сондай-ақ ел құрамасынан Нұрзат Оңғаров (50 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Анита Әдішева (54 келі), Алмат Әбдуали (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

    World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең 30 маусым - 7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді.

    "Үш алтын": қазақстандық боксшылар Әлем кубогынан алты медаль иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.