jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Әйелдер боксынан Қарағандыдан шыққан тұңғыш әлем чемпионына көлік сыйға тартылды (фото, видео)

    Халиков Камалутин және Аида Әбікеева
    Халиков Камалутин және Аида Әбікеева. Фото: instagram.com/abikeevaaida

    Қарағанды облысының бокс федерациясы әлем чемпионы Аида Әбікееваға көлік сыйлады, деп хабарлайды өңірлік бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Халиков Камалутин Магомедұлы әлем чемпионы Аида Әбікееваға тамаша сыйлық – жаңа автокөлік тарту етті. Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат.

    Аиданың жетістігіне шын жүректен қуандық, Қазақстанды әлемдік аренада танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз.

    Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!" - делінген Қарағанды облыстық бокс федерациясы Instagram желісінде жариялаған видео сипаттамасында.

    Айта кетейік, биыл 8-16 наурыз аралығында бокстан Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында Аида Әбікеева алтын медаль жеңіп алды. Аида әйелдер боксынан Қарағандыдан шыққан тұңғыш әлем чемпионы.

    Қарындасына үнемі қолдау көрсетіп жүретін ағасы Аслан Қоразбаевтың айтуынша, Аиданың бокстан өзге спорт түрлеріне де қызығушылығы басым. Әсіресе, футбол десе ішкен асын жерге қояды. Материалды толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз.

    Әйелдер боксынан Қарағандыдан шыққан тұңғыш әлем чемпионына көлік сыйға тартылды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.