jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандық төреші бокстан Әзербайжанда өткен халықаралық турнирде үздік төреші атанды (фото)

    Руслан Бибуевке үздік төреші сертификаты табысталуда
    Руслан Бибуевке үздік төреші сертификаты табысталуда. Фото: lada.kz

    Спорт шебері, халықаралық санаттағы төреші, Қазақстан төрешілері комиссиясының мүшесі Руслан Бибуев Бакуде өткен "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирінде үздік төреші атанды. Бұл туралы Lada.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі 11-15 сәуір аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде өтті. Ерлер және әйелдер сынға түскен турнирге 9 елден 200 боксшы қатысқан.

    "Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әсіресе, қатысушылар арасындағы жоғары бәсекелестікті және әділ төрелікті атап өтуге болады. Төрешілер алқасында біздің де отандасымыз, халықаралық санаттағы IBA төрешісі, ақтаулық Руслан Бибуев те болды.

    Турнир қорытындысы бойынша ол үздік төреші деп танылды. Русланды айтулы жетістігімен құттықтаймыз. Бұл Русланның ғана жетістігі емес, оның облыстық бокс федерациясының беделі мен мәртебесінің артуына қосқан үлесі", - дейді Маңғыстау бокс федерациясының өкілдері.

    Руслан Бибуевке берілген үздік төреші сертификаты
    Руслан Бибуевке берілген үздік төреші сертификаты. Фото: lada.kz

    Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, "Ұлы Жібек жолы" турнирінде Қазақстан құрамасы жалпы, 18 медаль (ерлер тоғыз, әйелдер тоғыз) жеңіп алған.

    Қазақстандық төреші бокстан Әзербайжанда өткен халықаралық турнирде үздік төреші атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.