jitsu gif
Спорт

    Бақыт Сәрсекбаев талантты боксшылар Төрехан Сабырхан мен Санжар Тәшкенбайды дайындайды

    Бақыт Сәрсекбаев
    Бақыт Сәрсекбаев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан ұлттық құрамаға резерв дайындайтын, 22 жасқа дейінгі боксшылардың бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев алдағы уақытта Төрехан Сабырхан мен Санжар Тәшкенбайға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Beren Live арнасына берген сұхбатта 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының чемпионы келесі Азия чемпионатына дайындықты бастайтынын айтты.

    Төрехан Сәбырхан — әуесқой бокста жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған тарихтағы алғашқы боксшы. Ал Санжар Ташкенбай — 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының және 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.

    "Алда олармен бірге жұмыс істейтін боламыз. Көреміз. Бұған дейін аталған екі боксшымен бір залда болмадық. Дайындықты енді бастаймыз. Жаттығу жиындары болады, сол жерде кімнің қандай формада екенін байқап көреміз", - деді Бақыт Сәрсекбаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.