jitsu gif
Спорт

    Нидерландтағы турнирде Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Олимпиада чемпионын жеңіп, алтын медаль алды

    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов
    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов Нидерландта өткен Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    70 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық боксшы, Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаев кездесті.

    1 раундтан кейін Абылайханның қабағының жарылуына байланысты жекпе-жек тоқтатылды. Алғашқы раундтың қорытындысы бойынша төрешілер қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.

    Осылайша, Абылайхан Жүсіпов турнирдің алтын медалін еншілеп, жеңіс тұғырына көтерілді.

    Жалпы, бұл халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 5 алтын және 3 қола медальмен командалық есепте бірінші орын иеленді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.