jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ливерпульдегі әлем чемпионаты: 9 қыркүйекте 9 қазақ боксшысы рингке шығады

    Нұрбек Оралбай
    Нұрбек Оралбай. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде 9 қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    9 қыркүйекте рингке шығатын қазақ боксшылары:

    Күндізгі сессия, басталуы – 16:00

    • 51 келі. Алуа Балқыбекова – Гаюн Мун;
    • 60 келі. Виктория Графеева – Люси Кингс-Уитли;
    • 55 келі. Махмұд Сабырхан – Башким Бажоку;
    • 80 келі. Нұрбек Оралбай – Тоқтарбек Таңатхан.

    Кешкі сессия, басталуы – 22:00

    48 келі. Назым Қызайбай – Лила Зелецкий;

    50 келі. Санжар Тәшкенбай – Хутхайха Эшиш;

    85 келі. Бекзат Нұрдәулетов – Георгий Кушиташвили;

    70 келі. Наталья Богданова – Сема Чалышкан;

    65 келі. Ертуған Зейнулинов – Патрис Мугалзай.

    Айта кетейік, 8 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан жеті боксшы өнер көрсетіп, оның алтауы ширек финалға шықты.

    Өкінішке қарай, 75 келіде сынға түскен Сабыржан Аққалықов украиналық Павло Илюшаға 3:2 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.

    Ливерпульдегі әлем чемпионаты: 9 қыркүйекте 9 қазақ боксшысы рингке шығады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.