Әлем чемпионаты: бүгін 13 қазақ боксшысы жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады
Жарияланған күні:
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жетінші жарыс күнінде 13 қазақ боксшысы ширек финалда өнер көрсетеді. Олардың тізімін Қазақстан бокс федерациясы жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
10 қыркүйекте 1/4 финалда өнер көрсететін қазақ боксшылары.
Күндізгі сессия. Басталуы – 16:00
- 60 келі. Виктория Графеева vs Ситора Турдыбекова (Өзбекстан);
- 55 келі. Махмұд Сабырхан vs Руи Ямагучи (Жапония);
- 80 келі. Нұрбек Оралбай vs Джавохир Умматалиев (Өзбекстан);
- +80 келі. Елдана Тәліпова vs Селин Даниэль (Жаңа Зелендия);
- 70 келі. Төрехан Сабырхан vs Макан Траоре (Франция);
- 90 келі. Сағындық Тоғамбай vs Турабек Хабибулаев (Өзбекстан).
Кешкі сессия. Басталуы – 22:00
- 51 келі. Алуа Балқыбекова vs И-ксуан Гуо (Тайпей);
- 57 келі. Карина Ибрагимова vs Джулия Серемета (Польша);
- 65 келі. Аида Әбікеева vs Бусеназ Сурменели (Түркия);
- 80 келі. Гүлсая Ержан vs Есета Флинт (Австралия);
- 60 келі. Бибарыс Жексен vs Абдумалик Халоков (Өзбекстан);
- 65 келі. Ертуған Зейнулинов vs Асахуджа Муидинхуджаев (Өзбекстан);
- +90 келі. Айбек Оралбай vs Лука Пратлажачич (Хорватия).
Айта кетейік, кеше, 9 қыркүйекте шаршы алаңға шыққан қазақ боксшыларының ішінде 85 келіде сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов жеңіліс тапты. Ол Грузия өкілі Георгий Кушиташвилиге 3:2 есебімен жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрмасынан төрт боксшы әлем біріншілігіндегі жарыс жолын аяқтады. Олар: Элина Базарова, Надежда Рябец, Сабыржан Аққалықов, Бекзат Нұрдәулетов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2284488-alem-chempionaty-bugin-13-qazaq-boksshysy-zhartylai-finaldyng-zholdamasyn-sarapqa-salady/