jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Кроуфорд әйгілі "Канелоны" жеңіп, бокстан абсолютті әлем чемпионы атанды

    Боксеры Сауль Альварес и Теренс Кроуфорд (слева направо)
    Сауль Альварес и Теренс Кроуфорд (слева направо). Фото: Jeff Bottari/TKO Worldwide LLC via Getty Images

    Америкалық Теренс Кроуфорд әйгілі мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті жеңіп, оның абсолютті әлем чемпионы атағын тартып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қос спортшының қақтығысы Лас-Вегас қаласында өткен турнирдің басты жекпе-жегі болды. Альварес пен Кроуфордтың кездесуі он екі раундқа созылды. Алғашқы минуттардан бір-бірінің осал тұсын табуға тырысқан боксшылар жойқын соққылармен алмасты. Алайда бірінші раундта асқан белсенділік таныта алмады.

    Жекпе-жек нәтижесінде америкалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (116:112, 115:113, 115:113).

    Осылайша, Теренс Кроуфорд абсолютті әлем чемпионы атанды. Оған қоса спортшы өзінің рекордын сақтап қалды. Ол кәсіпқой рингтегі 42 жекпе-жегінде де жеңімпаз болды, оның 32 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

    Кроуфорд әйгілі "Канелоны" жеңіп, бокстан абсолютті әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.