jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Төртінші алтын: Аида Әбікеева бокстан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды

    Аида Әбікеева
    Аида Әбікеева. Фото: Сали Сабаиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Қазақстан құрамасының боксшысы Аида Әбікеева әлем біріншілігінің алтын жүлдесіне ие болды. Ақтық сында ол өзбекстандық спортшыны жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    65 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аида Әбікеева финалда өзбекстандық Навбахор Хамидоваға қарсы жекпе-жек өткізді. Төрешілер шешімімен отандасымыз жеңіске жетті.

    Осылайша, қазақстандық спортшы ел қоржынына әлем чемпионатының төртінші алтын медалін түсірді.

    Бұған дейін Назым Қызайбай күміс жүлдеге ие болса, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальді жеңіп алды. Алуа Балқыбекова финалда түркиялық қарсыласын жеңіп, әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы атанды.

    Төртінші алтын: Аида Әбікеева бокстан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.