"Странджа" турнирі: бес қазақ боксшы жарысты аяқтады
Жарияланған күні:
"Странджа" халықаралық турнирінің алғашқы жарыс күнінде бес қазақ боксшы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан турнирдің күндізгі сессияында шаршы алаңға ел құрамасынан 6 боксшы шығып, бесеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алған.
Олар: Бағлан Кенжебек (55 келі), Тимур Қабдешов (55 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келі) және Нурмагамед Юсупов (90 келі).
Ал 50 келі салмақта сынға түскен Бекзат Алдамжаров өзбекстандық Асылбек Жалиловке есе жіберген.
Сондай-ақ кешкі сессияда тағы төрт боксшы сәтсіз ойын көрсеткен. Алдымен Руслан Күзеубаев (60 келі) АҚШ-тан келген Салим Эллистен 2:3 есебімен жеңілсе, сол салмақтағы Бейбарыс Жексен моңғолиялық Лундаа Гантумурадан 1:4 есебімен жеңілген.
Сондай-ақ 80 келіде Диас Молжігітов АҚШ-тан келген Робби Гонзалеске 1:4, Санжарәлі Бегалиев бразилиялық Кауэ дос Сантос Билиниге 0:5 есебімен жол берген.
Айта кетелік, турнир 2 наурызға дейін жалғасады. Бұған дейін турнирге қатысатын ұлттық құрама боксшылары туралы жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2346882-strandzha-turniri-bes-qazaq-boksshy-zharysty-aiaqtady/