jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан Азия чемпионатын қай телеарнадан тікелей эфирде көруге болады

    Шаршы алаңға ілінген бокс қолғабы
    Бокс қолғабы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ұлан-Батырда World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатын Qazsport телеарнасы көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Телеарнаның Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Qazsport арнасы кездесулерді тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады.

    Жанкүйерлер жарысты ертең, 31 наурыз сағат 9:00-ден бастап телеарнадан тамашалай алады.

    "Ескерту: World Boxing ұйымының ережелеріне сәйкес, жарыстарды тек телеарнадан көруге болады. Сайттар мен қосымшаларда тікелей эфир көрсетілмейді", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін Азия чемпионатына қатысатын қазақ боксшыларының тізімі жариялаған еді.

    Азия чемпионаты 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді.

    Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, бүгін шаршы алаңға шыққан екі қазақ боксшысы жарысты аяқтаған.

    Олардың бірі 54 келіде сынға түскен Элина Базарова 1/8 финалда Үндістан өкілі Прити Притиге 0:5 есебімен жол берген.

    Ал 51 келіде өнер көрсеткен Жазира Орақбаев солтүстік кореялық Кум Бол Анмен болған жекпе-жекте жарақатына байланысты кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған.

    Бокстан Азия чемпионатын қай телеарнадан тікелей эфирде көруге болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.