jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан Азия чемпионаты: аса ауыр салмақта 4 қазақ жігіті бақ сынап жатыр

    боксшы Айбек Оралбай
    Айбек Оралбай. Фото: Сали Сабиров / ҚР ҰОК

    Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында аса ауыр салмақта бақ сынап жатқан 9 боксшының төртеуі қазақ жігіттері, деп хабарлайды Sportbugin.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионы Айбек Оралбайдан бөлек, Өзбекстан сапында Арман Маханов, Қытай атынан этникалық қазақ Данабек Байқоныс өнер көрсетуде.

    Ал жарыс қожайындары – Моңғолия намысын Бекнұр Қали қорғап жатыр.

    "Бұл – аса ауыр салмақта қазақ боксшыларының деңгейі жоғары екенін көрсететін айқын дәлел. Бір салмақта бірден бірнеше қандасымыздың жүлдеге таласуы – жанкүйерлер үшін де үлкен қуаныш", - деп жазады басылым.

    Айта кетейік, 30 наурызда басталған Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.

    Бұған дейін жарысқа қатысатын қазақ боксшылары туралы жазған едік.

    Бокстан Азия чемпионаты: аса ауыр салмақта 4 қазақ жігіті бақ сынап жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.