jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан мен Валентина Хальзова қола жүлдегерлер атанды

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Махмұд Сабырхан мен Валентина Хальзова бокстан Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Федерацияның мәліметінше, Ұлан-Батырда Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.

    Бүгін 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Махмұд Сабырхан 1/2 финалда жарыс қожайыны Билгуунсайхан Хархууменмен кездесіп, 5:0 есебімен жеңілген.

    "3 раунд бойы отандасымыз қарсыласына қысым жасауға тырысқанымен, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Моңғолия боксшысына берді", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ 75 келіде сынға түскен Валентина Хальзова 1/2 финалда қытайлық Зи Баоға жол берген.

    "Тәжірибелі отандасымыз қашықтықта жұмыс істеп, қарсыласының әр шабуылын толықтай бақылау алуға тырысты. Ал Қытай боксшысы 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылда болды. Нәтижесінде төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Зи Баоға берді", - делінген хабарламада.

    Ал 70 келіде бақ сынған әйелдер құрамасының өкілі Бақыт Сейдіш қытайлық Алимире Абудурейимуды жеңіп, финалға шыққан

    Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан мен Валентина Хальзова қола жүлдегерлер атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.