jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

    Оразбек Асылқұлов шаршы алаңда
    Оразбек Асылқұлов. Фото: ҚР ҰОК

    Оразбек Асылқұлов 60 келіде бокстан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бокс федерациясының мәліметінше, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасындағы Азия чемпионатының шешуші күні басталды.

    Бүгін Қазақстан ерлер құрамасынан алғаш болып жарыс жолына шыққан Оразбек Асылқұлов финалда Үндістан өкілі Сачин Сачинмен жұдырықтасып, 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

    "Отандасымыз алғашқы минуттан қарсыласына қысым жасап, соңғы раундта жеңісті жұлып алды", - делінген хабарламада.

    Осылайша, Оразбек Асылқұлов 2026 жылғы Азия чемпионы атанды.

    Айта кетейік, кеше бұл бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы екі алтын, бір күміс медаль еншілеген еді.

    Оларды жарқын жеңісімен президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

    Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.