Әлем кубогы: Абылайхан Жүсіпов Қазақстанға үшінші алтынды сыйлады
Жарияланған күні:
Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйяне қаласында өтіп жатқан әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әлем чемпионы, 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов финалда Үндістан өкілі Дипакпен кездескен.
Қазақ бокшысы жекпе-жек бойы өте сауатты қимылдап, нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жеткен.
Шешуші кезеңге дейін Абылайхан 1/2 финалда иорданиялық Зейяд Ишаишты, 1/4 финалда өзбекстандық Шавкатжон Болтаевты 5:0, 1/8 финалда бразиялық Кайан Рейесті 5:0 есебімен жеңген.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында үш алтын медаль бар.
Айта кетейік, бұған дейін осы әлем кубогында Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2391096-ushinshi-altyn-abylaihan-zhusipov-qytaidagy-alem-kubogynda-top-zhardy/