jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    WBO президенті Густаво Оливьери The Ring басылымына берген сұхбатында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмаққа ауысқан жағдайда бірден міндетті үміткер мәртебесін алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ол Әлімханұлы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алған бір жылдық дисквалификациясын өтеп жатқанын, десе де рингке оралғаннан кейін бірден чемпиондық белбеуге үміткер атануы мүмкін екенін атап өтті.

    "Теориялық тұрғыдан алғанда, Жәнібек өзінің жеңілмеген бұрынғы әлем чемпионы мәртебесіне сүйене отырып, жоғары салмақ дәрежесінде міндетті үміткер болуды сұрай алады", - деп түсіндірді Оливьери.

    WBO басшысының айтуынша, бұдан әрі мәселені комиссия шешеді – Жәнібектің Хамза Шираз иелік етіп отырған титулға міндетті үміткер болуы комиссия шешіміне байланысты.

    Әлімханұлы мұндай өтініш берген күннің өзінде, оның дисквалификациясы желтоқсанға дейін жалғасатындықтан, титулдық жекпе-жек бірден ұйымдастырылмайтынына баса назар аударылды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін WBO басшысы Густаво Оливьери The Ring басылымына қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы титулынан бас тартып, жаңа салмаққа ауысатынын мәлімдеген болатын.

    Бұл ақпаратты спортшының өзі де растады.

    WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.