jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Боксшы Бахтияр Артаев бойжеткенді нокдаунға жіберді деп айыпталуда

    : UGC

    Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бойжеткенді соққыға жықты. Оқиға сенбі күні Fashion түнгі клубының жазғы терассасында орын алды, деп жазады lite.bnews.kz zannews.kz-ке сілтеме жасап.

    Чемпионнан ногдаун алған қыздың есімі – Айсұлу Ыбрашева. Бойжеткеннің айтуынша, қазақстандық боксшы қызға көңіл бөлмек болыпты. Алайда, қыз бұған қарсылығын білдіріп, жігіттің көңілін қайтарып жіберген. Осы кезде ашуға мінген Артаев бойжеткенді ұрып жібереді. Өзі оқиға орнынан бой тасалайды.

    Осы оқиғаға қатысты ғаламтор пайдаланушылары сан-түрлі пікірлерін жазып жатыр.

    "2004 жылы Афина олимпиадасында 69 кг-да жасындай жарқылдаған Бақтияр Артаев еді. Сөйлеген сөзі түзу, ісі дұрыс азамат-тұғын. Қазақ боксындағы 69 кг-ның №2 жұлдызы Бақыттың "тентектігі" енді Бәкеңе жұққан ба? Әй, мүмкін емес. Иман жүзді жігіт қой, ринг сыртында жұдырыққа жүгінбейтін болар және қыз балаға қол көтермес деп ойлаймын. Бірақ кім біледі... Жалған шығар деп отырмын. Кеше Бақыт, бүгін Бақтияр осылай істесе, ертең Серік те біреудің бет әлпетіне түрлі өзгеріс енгізіп жібермесе екен", - деп жазған ғаламтор пайдаланушыларының бірі.

    Боксшы Бахтияр Артаев бойжеткенді нокдаунға жіберді деп айыпталуда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.