jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Тайсон Головкинді украиналық Ломаченкодан төмен санайтынын айтты

    : UGC

    Әйгілі боксшы Майк Тайсон қазақстандық Геннадий Головкинді украиналық Василий Ломаченкодан төмен қойды.

    Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

    Тайсонның айтуынша, Головкин нағыз "дөрекі панчер". Алайда, оның Ломаченко секілді сенімді қорғанысы жоқ.

    Майк Тайсон украиналық боксшы Василий Ломаченконы Шығыс Еуропаның ең үздік боксері деді. Ол орташа салмақта WBA (Super), WBC (Interim) және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің жетістіктеріне қарамастан, Ломаченконы өзінің шығыс еуропалық үздік боксшылар рейтінгісінде бірінші орынға қойғанын жасырмады.

    "Ол (Ломаченко) тарихта абсолютті түрде үздік әуесқой боксшылардың рекордын жаңартты. Ол өте керемет! Және ол төбелесе алады сайтан алғыр! Сонымен қатар, ол өте ақылды боксшы. Егер менің жаттықтырушым Кас Д'Амато тірі болғанда, ол да бұл жігітті жоғары бағалар еді. Ломаченконың қорғанысы мінсіз. Ал қорғана білу – бокста биік тұғырларда көрінуге қажетті ең алғашқы қабілет. Шабуылда қорғаныс пен тамаша агрессия – украиналық боксшының осы қасиеттері мені тәнті қылды! Және сіздер Головкинді айта бастағанда... Ковалевті айта бастағанда… Иә, бұл жігіттер нағыз панчерлер. Олар қатыгез! Бірақ оларда Василийде бар қабілет жоқ. Ол – өте сенімді қорғаныс!", – деген Тайсонның сөздерін Ломаченконың сайты жариялады.

    Боксшы сонымен қатар, Лондон мен Бейжіңдеші Олипиада ойындарында алтын медаль алды.

    Салыстыра кетсек, Геннадий Головкин кәсіби бокста 32 рет рингке шығып, бәрінде жеңіске жеткен, оның 29-ында нокаут жасаған.

    Мұнымен қоса, британдық боксшы Мартин Мюррейді Монте-Карлода жеңген Головкин Майк Тайсонның рекордын қайталаған. Әуесқой бокста Головкин 350 рет шаршы алаңға шыққан.

    Тайсон Головкинді украиналық Ломаченкодан төмен санайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.