Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Барысын үш рет ұтқан Бейбіт Ыстыбаев 10 жасар баладан жеңіліп қалды

Жарияланған күні:

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында үш дүркін «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаевпен 10 жасар көрермен бала белдесіп, Ыстыбаевты «жеңіп» кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында көрермендер арасынада қызықты ойындар ұйымдастырды. Соның бірі үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаевты көрермендер арасынан кім жықса, сол балуанға 50 мың теңге сыйлық берілуі керек еді.

Бұл ойында Бейбітпен бозкілемге шығуға ересектерден ешкімнің батылы жетпеді. Алайда, 10 жасар астаналық бала «Бейбіт ағамен мен белдесем» деп боз кілемге жүгіріп шығып, жүректілік танытты.

Бейбіт бүлдіршіннің қайсар мінезіне тәнті болып, мойынына көтеріп, жолын берді. Осылайша астаналық 10 жасар бала жеңімпаз атанды.

Тағы оқыңыздар: 

Астаналық жастар шайтанды қууға арналған Хэллоуинге дайындалып жатыр

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы қарсыласын екінші минутта нокаутқа жіберді

Қайрат Нұртастың әйелі ойнайтын фильм өз шығынын ақтай алмады

Еліміздің оңтүстігінде қайтадан күн жылып кетуі ықтимал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1660706-qazaqstan-barysyn-ush-ret-utqan-beybit/