Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаражат болмады: Дзюдошылардың бапкері әлемдік жарысқа бес спортшымен барып, жеңіспен оралды

Опубликовано:

Спортшылар
Фото: Азамат Мұқановтың әлеуметтік желідегі парақшасы

Қазанда көптен күткен ТМД ойындары аяқталды. Біздің құрама жарыста 4 медаль - 1 күміс және 3 қола жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Азамат Мұқанов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Шәкірттеріме өте ризамын! Ештеңеге қарамастан барын салып күресті және өліспей беріспеді. Нағыз намысшыл, қазақтың қайсар, батыр жігіттері екенін Қазан татамиінде дәлелдеді.

Біз бұл жарысқа өте жақсы дайындықпен келдік. Өзге елдер сияқты әр салмақтан екі спортшыдан қойып, толық құраммен қатысуға болатын еді. Алайда бізде қаражат болмағандықтан тек 5 спортшымызды әкеле алдық.

Оның төртеуі жүлдеге ілінді, ал бір спортшымыз Аян Байғазы төрешілер қателігінен 5-орынға жайғасты деп ойлаймын. Осы жерде айта кететін жайт, біз қарсыластан бөлек, төрешілермен де “күресеміз”.

Біз балаларды дайындап әкелеміз, олар барын салып күреседі. Қарсыластан бір бас жоғары болу мүмкін емес, шамасы жетіп, ұтып тұрса да, төреші қарсыласына болысқанда, көмектескенде ішің ашиды, бір жағы спортшының сағы сынады. Әр жарыс сайын бізге төрешілермен жұмыс істейтін маман керек деген ойда қаламын.

Ал аралас командалық сайыста 8 спортшы қатысу керек. Біз тек 6 салмақ дәрежесіндe қатыстырдық. 90 келідегі балуанымыз Айдар Арапов 100 келіде күресіп, жеңіске жетті.

Дзюдошыларымның нәтижесіне өте ризамын! Әрқайссы өте мықты күресті. Алар асу алда! Біз тоқтамаймыз! Алға Қазақстан", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1931562-qarazat-bolmady-dzyudosylardyn-bapkeri-alemdik-zarysqa-bes-sportsymen-baryp-zenispen-oraldy/

pixel