Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған спортшыны ұтты
Опубликовано:
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова ширек финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әйелдер арасында 48 келіде сынға түскен Абиба үшінші кезеңде екі дүркін Еуропа чемпионы, әлемдік рейтинг көшбасшысы, франциялық Ширин Буклиді ұтты.
Айта кетейік, отандасымыз Ташкентте өтіп жатқан байрақты бәсекені екінші айналымнан бастаған болатын. Ол бірінші белдесуінде бразилиялық Аманда Лиманы "иппон" ұпайымен өтті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша кезеңде анықталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991417-abiba-abuzaqynova-alemdik-reitingte-birinsi-orynda-turgan-sportsyny-utty/