Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз еркек": Жарыстан соң ауыр жарақатын көрсеткен Елдос Сметовке жанкүйерлер тәнті болды (видео)

Жарияланған күні:

Елдос Сметов әлем чемпионатынан соң. Ташкент, 6 қазан 2022 жыл
Елдос Сметов әлем чемпионатында жарақатпен күрескен. Скриншот: instagram/bassportkz

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола медаль салған Елдос Сметов ауыр жарақатымен күресіп шыққан. Спортшының жарақаты туралы видеоны Bassport парақшасы жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елдос Сметов 60 келі салмақта белдесті. Ол турнир барысында Венгрия, Израиль балуандарын жеңіп, ширек финалда Тайпей өкілінен ұтылып қалды.

Жұбаныш белдесуінде Испания балуанын, қола медаль үшін күресте Өзбекстан дзюдошысын жеңіп шықты. Әлем чемпионатында Елдос барлығы бес кездесу өткізген.

Әлеуметтік желіде Сметовтің жарыстан кейінгі жарақатын көрсететін видео пайда болды. Бейнежазбада спортшының сол жақ иығына таңылған дәкені медбикенің қиып, алып тастап жатқаны байқалады. Осы сәтте спортшы да қатты ауырсынған.

Кейін журналистерге сұхбат берген Елдос Сметов жарысқа дейін жарақатынан толық айықпағанын айтты.

Жарақатына қарамастан, әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алған спортшыға жанкүйерлер алғысын жаудырды.

"Нағыз еркек", "Жарақат болмаса, алтын алар еді", "Қазақ елінің батыры", "Сөзсіз көшбасшы", деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетелік, Елдос Сметов 2015 жылғы әлем чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының, Гран-при, Гранд-слэм турнирлерінің жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1991647-nagyz-erkek-zarystan-son-auyr-zaraqatyn-korsetken-eldos-smetovke-zankuierler-tanti-boldy-video/