Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан екі қазақ қызы Гран-при турнирінің финалына шықты

Опубликовано:

Абиба Әбужақынова татамиде
Абиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде екі бірдей қазақ қызы финалға шықты. Ғалия Тынбаева мен Абиба Әбужақынова беделді жарыстың алтын жүлдесін сарапқа салады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екі спортшы да 48 келіде сынға түседі.

Ғалия Тынбаева турнир барысында Франция, АҚШ және Испания спортшыларын ұтып, жартылай финалда португалиялық Катарина Костамен белдесті.

Аталған кездесу өте тартысты өтіп, жалпы есебі 11 минутқа созылды. Өте ауыр өткен белдесуде Ғалия "ваззари" ұпайымен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Ал Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Абиба Әбужақынова Аргентина және Сербия балуандарын жеңіп, өз тобында көш бастады. Ал жартылай финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, израильдік Шира Ришониді санаулы минуттарда "иппон" ұпайымен ұтып кетті.

Осылайша, Гран-при турнирінің финалында алғаш рет екі қазақ қызы белдеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2007111-dzyudodan-eki-qazaq-qyzy-gran-pri-turnirinin-finalyna-syqty/

pixel