jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Тағы да Сметов жоқ": Дзюдодан Ташкенттегі турнирге кім қатысады

    Елдос Сметов Рио Олимпиадасында. 2016 жыл, тамыз
    Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

    Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысады. Назарларыңызға аталған жарыста бақ сынайтын спортшылар тізімін ұсынамыз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Үлкен Дулыға" додасының кезекті сыны 3-5 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. Бұл турнирде ел намысын 24 дзюдошымыз қорғайды.

    Қазақстан ерлер құрамасы: Мерей Марханбетов (60 келі), Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Есет Қуанов (66 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Дархан Қойбағар (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (-81 келі), Мұхаммедәлі Мавлидов (90 келі), Айдар Арапов (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Бекарыс Сәдуақас (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (+100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі).

    Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов бұл жарыстан да сырт қалып отыр. Бапкерлер Сметовтің жарақаты толық жазылғанша, ірі додаларға қатыспайтынын мәлімдеген.

    Қазақстан әйелдер құрамасы: Ғалия Тынбаева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Балнұр Әбдешова (52 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Балнұр Құрманбай (57 келі), Мөлдір Нарынова (63 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі), Назерке Тілеуханова (78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі), Ақерке Рамазанова (+78 келі).

    "Тағы да Сметов жоқ": Дзюдодан Ташкенттегі турнирге кім қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.