jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлемдік ұйым Үндістанда өтетін күрестен Азия чемпионатын шұғыл Астанаға ауыстырды

    Күрестен Азия чемпионаты өтетін кілемдер
    Күрестен Азия чемпионаты. Фото: uww.org

    Күрес түрлерінен кезекті Азия чемпионаты Астанада өтеді. Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Біріккен күрес әлемі Азия чемпионатын Астанаға ауыстырды. Аталған турнирді 28 наурыз бен 2 сәуір аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласы қабылдауы керек еді. Алайда UWW құрлық додасы өтетін орынды ауыстыруға мәжбүр болды. Бұған Үндістан спорт министрлігінің аталған елдегі күрес федерациясына қарсы тергеу жұмыстарын жүргізгені себеп.

    "Астана 2019 жылғы әлем чемпионатын сәтті өткізді. Сондай-ақ Қазақстан 2021 жылғы Азия біріншілігін қабылдаған. Былтыр Алматыда рейтингілік турнир өтті", - делінген UWW хабарламасында.

    Одан бөлек, 17 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия біріншілігі қайтадан Қырғызстан астанасы Бішкекте өтеді.

    Әлемдік ұйым Үндістанда өтетін күрестен Азия чемпионатын шұғыл Астанаға ауыстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.