jitsu gif
Спорт

    20 жастағы қазақ дзюдошысы бір айдың ішінде екі ірі жарыста жеңіс тұғырынан көрінді

    Нұрқанат Серікбаев кезекті жеңісінен соң
    Нұрқанат Серікбаев. Фото: ijf.org

    Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Антальяда өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    60 келіде бақ сынаған Серікбаев турнир барысында Моңғолия, Оңтүстік Корея және Әзірбайжан балуандарынан басым түсті. Әсіресе, әлем чемпионатының жүлдегері атанған кореялық Ким Вон Джиннен Ташкентте кеткен есесін қайтарды.

    Алайда жартылай финалда украиналық Дильшот Хилматовтан жеңіліп, қолаға күресу мүмкіндігін алды. Ал кіші финалда Моңғолия спортшысы Ариунболд Энхатайванды иппонмен жеңді.

    Осылайша, Нұрқанат бір айдың ішінде екі ірі жарыста үздіктер қатарына еніп отыр. 3 наурыз күні ол Ташкенттегі Grand Slam додасында күміске иелік еткен болатын.

    20 жастағы қазақ дзюдошысы бір айдың ішінде екі ірі жарыста жеңіс тұғырынан көрінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.