jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына үш медаль түсті

    спорт
    Фото: Cпортты дамыту дирекциясы

    Францияның Париж қаласында өткен джиу-джитсудан Paris Grand Slam 2023 халықаралық турнирінде отандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

    Байрақты бәсекеде ел намысын 11 спортшы қорғады.

    Жарыстың алғашқы күні не-ваза бөлімінде 69 келі салмақта сынға түскен Мансұр Хабибулла жеңіс тұғырынан көрінді. Ал файтингте Самат Сәрсенұлы (56 келі) алтын, Ғибрат Әмірше (56 кг) күміс жүлдеге ие болды.

    Үш күнге созылған турнирде 26 елден 900 қатысушы бақ сынады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін отандық балуандар Испанияда өткен турнирде он медаль жеңіп алғанын жазған едік.

    Сонымен қатар екі қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды.

    Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына үш медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.