Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мойнымызда үлкен жауапкершілік тұр": Елдос Сметов әлем чемпионаты қарсаңында мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Елдос Сметов өз салмағына қайта оралды
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері әрі әлем чемпионы Елдос Сметов 7 мамыр күні Дохада өтетін әлем біріншілігіне аттанады. Танымал спортшы кезекті бәсекеге дайындық қалай өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.

"Қазіргі таңда әлем біріншілігіне жаттығу үстіндеміз. Сол сында ел абыройын қорғау - мойнымызға жүктелген үлкен жауапкершілік. Ел абыройын көтеру үшін барымызды саламыз. Күніне екі рет жаттығу өткізіп жатырмыз. Біз барлық жағынан - физикалық, техникалық және функционалдық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Ең үлкен мақсатымыз - әлем біріншілігі.

Аталған бәсекеден соң өз елімізде тұңғыш рет Grand Slam турнирі өтеді. Бұл жарыс біздің спортымыздың нарыққа шығуына, беделін арттыруға көмектеседі. Мұндай әлемдік жарыстарда күресу біздің жас спортшыларымыз үшін үлкен мүмкіндік.

Grand Slam турнирін қабылдаған мемлекет бір салмақта төрт спортшысын додаға қоса алады. Ал шетелде өтетін осы бір сынға тек екі балуан қатыстыра аламыз. Сол себепті - бұл үлкен мүмкіндік. Еліміздің атын шығарып, абыройын көтеру үшін аянбауымыз қажет", - деді Сметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2018014-moinymyzda-ulken-zauapkersilik-tur-eldos-smetov-alem-cempionaty-qarsanynda-malimdeme-zasady/

pixel