Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пара дзюдодан Азия чемпионаты: алғашқы жарыс күні ел қоржынына төрт медаль түсті

Опубликовано:

Федосова Даяна
Федосова Даяна. Фото: Қазақстанның пара дзюдо федерациясы

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында пара дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күні 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық Даяна Федосова (-57кг, J2) мен Ерғали Шамей (-73кг, J1) чемпион атанса, Ақмарал Науатбек (-52 кг, J2) күміс, Олжас Оразалы (-73 кг, J2) қола медаль еншіледі.

Азия чемпионатының ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов , IBSA (Дүниежүзілік Пара Дзюдо ұйымы) Дзюдо төрағасы Янош Тардос және Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында былтырғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен парадзюдошылар Ақмарал Науатбек және Ерғали Шамей "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағымен марапатталды.

Сондай-ақ, спортшыларды даярлаған бапкер Дәурен Оразов "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағына ие болды.

Астана татамиінде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Қытайлық Тайпей, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Таиланд елдерінен келген 100 астам спортшы бақ сынап жатыр.

Бұл жарыстың нәтижесінде парадзюдошыларға 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу үшін қажет ұпай берілетінін айта кеткен жөн.

Париж Паралимпиадасы алдындағы ресми чемпионатта спортшылар J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша бақ сынауда.

Құрлықтық дода 30 сәуірге дейін жалғасады.

Пара дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінің нәтижесі келесідей:

Әйелдер

J2 - 48 келі:

1.Хюрамова Лобар (Өзбекстан),

2.Науатбек Ақмарал (Қазақстан),

3.Фудживара Юи (Жапония),

3.Кокила (Иран).

J2 -57 келі

1.Федосова Даяна (Қазақстан),

2.Ходжаева Кумусхон (Өзбекстан),

3.Хиросе Жунко (Жапония),

3.Кудо Хироко (Жапония).

J1 -48 келі

1.Хусанқызы Халитхон (Қырғызстан),

2.Тойрова Фотима (Өзбекстан),

3.Жанки Бай (Үндістан),

3.Саламатова Регина (Қырғызстан).

Ерлер:

J1 -60 келі

1.Банитаба Хоррам Абади Сеиед Меисам (Иран),

2.Пармар Капил (Үндістан),

3.Абдикаримов Темирлан (Қырғызстан),

3.Конгсук Витоон (Тайланд).

J1 -73 келі

1.Шамей Ерғали (Қазақстан),

2.Мамедов Шохрух (Өзбекстан),

3.Суранов Маматибраим (Қырғызстан),

3.Борчлоу Махди (Иран).

J2 -60 келі

1.Нуриллаев Кемран (Өзбекстан),

2.Ли Мин Жае (Оңтүстік Корея),

3.Джумагулов Алихан (Қырғызстан),

3.Намозов Шерзод (Өзбекстан).

J2 -73 кг

1.Жедди Вахид (Иран),

2.Сето Южиро (Жапония),

3.Ким Донгоон (Корея),

3.Оразалыұлы Олжас (Қазақстан).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2018745-para-dzyudodan-aziya-cempionaty-algasqy-zarys-kuni-el-qorzynyna-tort-medal-tusti/

pixel