Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошы әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

дзюдо
Фото: Қазақстанның дзюдо федерациясы

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында Адриан Нието Чинарроны (Испания) иппон ұпайымен ұтты.

Жүлделі орынға дейінгі жолда Сұңғат Израиль спортшысы Даниэль Капелушник, тәжікстандық Нурали Эмомалимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді.

Ширек финалда Мурад Чопановқа есе жіберген ол жұбаныш белдесуде ұлыбританиялық Чарли Янгтан басым болып, қола медаль үшін күресу мүмкіндігін алған болатын.

Осылайша спортшымыз 5 белдесудің 4-еуінде жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Гран при жарысына 40 елдің 315 спортшысы қатысып жатыр. Әлемдік бәсеке маусымның 4-іне дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2023210-qazaqstandyq-dzyudosy-alemdik-gran-pri-zarysynyn-qola-zuldegeri-atandy/