
Астанада дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін үш қазақ спортшысы медальға таласады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Екінші жарыс күні татамиге шыққан отандық спортшылар арасынан ешкім финалға өте алған жоқ.
73 келідегі Асқар Нарұлов пен Данияр Шамшаев жартылай финалда сүрінді.
Асқар Ұлыбритания, Өзбекстан және Косово спортшыларын ұтып, жартылай финалға өткен еді. Алайда польшалық Адам Стодольский біздің балуанды "ваззари" ұпайымен ұтып кетті.
Осы салмақтағы тағы бір балуанымыз Данияр Шамшаев турнир барысында Финляндия мен Грузия спортшыларын жеңген. Бірақ жартылай финалда бейтарап ту астында сынға түсетін Махмадбек Махмадбековтен жеңілді.
Ал Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде Косово спортшысын ұтып, қолаға таласу мүмкіндігін алды.
Кешкі сессияда Смағұлов Шамшаевқа қарсы шықса, Асқар Нарұлов грузиялық Георгий Тирашвилимен белдеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2025233-dzyudodan-grand-slam-turniri-us-qazaq-baluany-qola-medalga-talasady/