jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ балуандары дзюдодан Grand Slam турнирінде ұтылып қалды

    Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева татамиде күресуде
    Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева. Фото: ijf.org

    Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Бүгін екі қазақ спортшысы қола медаль үшін күресіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ғалия Тынбаева бесінші орынға тұрақтады. Ол қола медаль үшін күресте португалиялық Катарина Костаға "ваззари" ұпайымен жол берді.

    Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев та бестікке енді. Ол кіші финалда биылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ли Ха Римге қосымша уақытта есе жіберді.

    Ал бүгін татамиге шыққан Шерзад Давлатов (60 келі), Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар (66 келі) турнирді алғашқы айналымдарда аяқтаған болатын.

    Grand Slam турнирі жексенбі күні мәресіне жетеді.

    Қазақ балуандары дзюдодан Grand Slam турнирінде ұтылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.