Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалында бір ұпай айырмасымен ұтылып қалды

Опубликовано:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

Күрес түрлерінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны бір медальмен толықты. Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ризабек финалда ирандық Мохаммадмобин Голамалиден 4:5 есебімен ұтылды.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасына жалғыз жүлде сыйлады.

Турнир барысында Ризабек Қырғызстан, Канада, Грузия балуандарынан басым түскен.

Айта кетелік, Ризабек ересектер арасындағы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында құрлық чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2032814-qazaq-baluany-alem-cempionatynyn-finalynda-bir-upaiy-aiyrmasymen-utylyp-qaldy/

pixel