jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанға әлем чемпионатының медалін сыйлаған балуан әскери борышын өтеп жүр

    Ризабек Айтмұхан
    Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

    Амманда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Ризабек Айтмұхан әскери борышын ұмытқан емес. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

    Еркін күрес шебері Ризабек 92 келіге дейін салмақта күміс медаль еншілген еді. Ол өзіне қай кездесу қиын соққанын айтып, сұхбат берді.

    "Жастар арасындағы әлем чемпионатына екінші рет қатысып отырмын. Бұған дейінгі әлемдік аренадағы жалғыз жетістігім- Азия чемпионатындағы жүлдем болатын. Осы жолы жақсы дайындықпен келдім. Өз салмағымдағы басты фавориттердің бірі саналдым. Сондықтан бәрі менімен белдескенде аянып қалмады. Ең қиыны – финал болды. Өкінішке қарай, шешуші кезеңде ран елінің өкілі Мохаммадмобин Голомалиге есе жібердім. Бұйырғаны күміс медаль", - дейді Ризабек Айтмұқан.

    Айта кетейік, спортшы қазіргі кезде Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде борышын өтеп жүр.

    Ол өзіне қолдау көрсеткен Ұлттық ұлан қолбасшылығы мен "Динамо" спорт қоғамдастығына алғысын білдірді.

    Қазақстанға әлем чемпионатының медалін сыйлаған балуан әскери борышын өтеп жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.