Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысатын құрам толық жарияланды

Опубликовано:

Марлан Мұқашев Иран балуанымен беледсуде
Марлан Мұқашев. Фото: uww.org

Бүгін Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, алдағы ірі екі жарысқа қатысатын балуандар тізімін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Баспасөз мәслихатына күрес түрлерінен ұлттық құраманың бас бапкерлері, Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов, федерацияның вице-президенті Марат Мұзапаров пен баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандия Есенжолов қатысты.

Жиында сөз алған бас бапкерлер ұлттық құрама тізімін жариялады. Сербияның Белград қаласында өтетін әлем чемпионаты мен Қытайдағы жазғы Азия ойындарының өту мерзімі жақын болғанына қарамастан, кейбір салмақтағы балуандар екі додаға да қатысады.

16-25 қыркүйек аралығында өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімі:

Грек-рим күресі:

55 келі: Марлан Мұқашев.

60 келі: Олжас Сұлтан.

63 келі: Мамырбек Мұхамедәли.

67 келі: Алмат Кебіспаев.

72 келі: Ибрагим Магомадов.

77 келі: Демеу Жадраев.

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов.

97 келі: Олжас Сырлыбай

130 келі: Әлімхан Сыздықов.

Бас бапкер - Юрий Мельниченко.

Еркін күрес:

57 келі - Мейрамбек Қартбай.

61 келі - Дастанбек Өсімжан.

65 келі - Әділ Оспанов.

70 келі - Санжар Досжанов.

74 келі - Нұрқожа Қайпанов.

79 келі - Болат Сақаев.

86 келі - Азамат Дәулетбеков.

92 келі- Ризабек Айтмұхан.

97 келі - Әлішер Ерғали.

125 келі - Юсуп Батырмурзаев.

Бас бапкер- Мадияр Құрамысов.

Әйелдер күресі:

50 келі - Марал Тәңібергенова.

53 келі - Алтын Шағаева.

55 келі - Марина Седнева.

57 келі - Айнұр Әшімова.

59 келі - Диана Каюмова.

62 келі - Ирина Кузнецова.

65 келі - Ирина Казюлина.

68 келі - Елена Шалыгина.

72 келі - Жамила Бакбергенова.

76 келі - Іңкәр Жанатаева.

Бас бапкер- Қайрат Сағадиев.

Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысатын балуандар тізімін мына сілтемеден оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2034333-kures-turlerinen-alem-cempionaty-men-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-quram-tolyq-zariyalandy/

pixel